Семейде әйел лифтінің ішінде босанып қалды

16 Қыркүйек 2023, 04:23
1035
Бөлісу:
Семейде әйел лифтінің ішінде босанып қалды
Фото: Артём Чурсинов

Семейде жүкті әйел перзентхананың лифтіне қамалып қалып, соның ішінде босанды, деп хабарлайды BAQ.KZ abainewskz порталына сілтеме жасап.

Оқиға 3 қыркүйек таңғы сағат алтыда облыстық перинаталдық орталығында болды.

Техникалық ақаудан 5 жүкті әйел лифтіде қамалып қалған. Осы сәтте олардың бірінің толғағы қысады. Қасында тұрған әйел батыл әрекетке барады – оны лифтінің ішінде босандырып алған.

Аяғы ауыр келіншекке көмектескен Эльмира Жетпісова сол мекеменің акушері болып шықты. Ол еңбек демалысында жүрген, сол күні жүкті қызының жанында болу үшін перзентханаға келіпті.

"Менің анам батырлық танытты. Бір сағатқа тоқтап қалған лифтінің ішінде босандырды. Біз, бес жүкті әйел, осы уақыт бойы ішінде болдық", - дейді оқиғаны көзімен көрген акушердің қызы.

Әйел ұл баланы дүниеге әкелген, есімін Матвей қойды.

Өзгелердің жаңалығы