Семейде әйел көпірден секіріп кетті

Ертіс өзеніндегі автожол көпірінің астынан адам мәйіті табылған.

 видеодан скриншот 12 Наурыз 2026, 12:40
12 Наурыз 2026, 12:40
1083
Фото: видеодан скриншот

Семейде әйел Ертіс өзені бойындағы көпірден секіріп кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Полицияға Ертіс өзеніндегі автожол көпірінің астында адам мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен қаза тапқан әйелдің мұндай қадамға баруына не итермелегені анықталуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі. 

Еске салайық, бұған дейін Астанада көпірден секірмек болған ер адам құтқарылды

 

 

Наверх