Семейде әйел адамды жүк пойызы жаншып кетті

14 Сәуір 2025, 22:40
865
Бөлісу:
Семейде әйел адамды жүк пойызы жаншып кетті
Фото: cmn.kz

Семейде теміржол өткелінде жүк пойызы әйелді басып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

abainewskz тelegram арнасының хабарлауынша, оқиға 14 сәуір күні сағат 16:30 шамасында Дулатов көшесіндегі теміржол өткелінде болған.

тelegram арна өткелде пойыздың өтуін күтіп тұрған көліктің бақылау камерасынан түсірілген видеоны жариялады.

Кадрларға қарағанда, әйел асығыстық танытып, вагондардың астымен жүріп өткен, бірақ сол сәтте пойыз қозғала бастап, әйелді басып өткен.

Оқиға куәгерлері жәбірленушіні дереу дөңгелектердің астынан шығарып алғанымен, әйел алған жарақатынан көз жұмды.

Көліктегі полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған теміржол қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы