Семейде аулада тұрған көлік өртеніп кетті

2 Шілде 2024, 23:52
430
Бөлісу:
Семейде аулада тұрған көлік өртеніп кетті
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысының орталығында өрт сөндірушілер газельден шыққан өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Семей қаласындағы жеке тұрғын үйдің аумағында газель көлігінен өрт шыққан.

Құтқарушылар шақырту түскен сәттен бастап 17 минут ішінде өртті жойды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Жол көлігінде төтенше жағдай орын алған жағдайда 112 нөмеріне хабарласу қажет.

Өзгелердің жаңалығы