Абай облысының құтқарушылары балаларға көмекке келді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Оқиға Семей қаласының көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Балалар ересектердің қарауынсыз қалып, жабылып қалған есік салдарынан пәтерде қамалып қалған.
Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Балаларды жалғыз қалдырмаңыз, бірнеше минут баланың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін.
Оқи отырыңыз: