"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшылығының өртенген орман учаскелерін тазартуға көмектесу туралы өтінішін аяқсыз қалдырмады, деп хабарлайды BAQ.KZ Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Қолбасшылық Абай өңірлік гарнизоны әскери бөлімдерінің 34 әскери қызметшісінен тұратын біріккен жасақ құрды.
Күз айларында біз Каштак орманшылығы аумағына санитарлық тазалау жүргізіп, өртенген ағаш қалдықтарын жинадық. Енді оны тасымалдауға көмектесеміз, – деп нақтылады 54770 әскери бөлімі біріккен жасағының командирі подполковник Қанат Тәңірбергенов.
Техникалық жұмыстарға екі КрАЗ, УАЗ, КамАЗ және «Нива» көліктері бөлінді. Әскери қызметшілерді медициналық сүйемелдеу ұйымдастырылды.
Бүгінгі таңда біріккен жасақтың күшімен ауданы 17,5 га орман учаскесі тазартылды.