Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семейде қар қалашығы ашылды, деп хабарлады Altaynews.
Қалашықтың ашылу салтанатына 2000-ға жуық бала қатысты. Мұздан құйылған шаһар "Юность" шағын ауданының әскери қалашығында салынған. Игі бастаманы "Шығыс" өңірлік әскери қолбасшылығының полковнигі Асан Жүсіпов пен Семей гарнизонының әскери бөлімдері қолға алған.
Сырғанақ пен хоккей алаңы, Ақша қар мен Аяз ата және ертегі кейіпкерлері жиылған қауымға көңіл-күй сыйлады.
Балалардың ертегілер әлеміне саяхат жасағанын қаладық. Балалардың сүйікті кейіпкерлерін мұздан ойып, сырғанақ құйдық. Барлығының көңілінен шықты деген сенімдеміз, - дейді әскери қолбасшы Асан Жүсіпов.Қар қалашығының ашылуында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, "Анам, әкем және мен" атты спорттық ойыны өтті. Ойынға 30 отбасы қатысты. Қатысушылар сыйлықтармен марапатталды.