Семейде 77,3 млн қорап контрафактілік темекі тәркіленді

19 Желтоқсан 2023, 11:49
584
Бөлісу:
Семейде 77,3 млн қорап контрафактілік темекі тәркіленді

Олардың нарықтық құны 2,7 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бірлескен операцияға ҚМА Абай облысы бойынша департаменті, полиция департаменті және ҚР ҰҚК Шекара қызметі атсалысты. 

Нәтижесінде сәйкестендіру құралдарынсыз сатылмақ болған түрлі маркалы темекіні жеткізудің ірі арнасы тоқтатылды. 

Семей қаласының аумағында жүк автокөлік құралдары мен қоймаларды тексеру барысында 77,3 млн қорап контрафактілік темекі табылып, тәркіленді. Олардың нарықтық құны 2,7 млрд теңгені құрайды. МКД қорытындысына сәйкес бюджетке төленуге тиіс акциздер сомасы 1,1 млрд теңгені құрайды, - деді ҚМА Ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Сонымен қатар бұған дейін Абай облыстық полиция Департаментінің ҰҚҚК-мен бірлесіп, 1,1 млрд теңге сомасына контрафактілік темекі тасымалдаудың ұқсас фактісі тоқтатылды. Ол бойынша акциздер сомасы 450 млн теңгені құрады.

Жоғарыда көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, тергеу мүддесінде өзге де ақпарат жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Егер сіз өкілеттіктерді теріс пайдалану, қаражатты жымқыру немесе басқа да экономикалық құқық бұзушылықтар фактілері жайлы білсеңіз, "АФМ Insider" телеграм ботына хабарлауыңызды сұраймыз. Анонимділікке кепілдік беріледі, - деді Әбділов.

Өзгелердің жаңалығы