Көпфункциональды орталық Абай облысын дамытудың кешенді жоспары аясында бой көтереді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.
Үш қабатты нысанда бассейн, фитнес, жекпе жек залы, нейроробот техникасы, бағдарламалау кабинеттері мен кітапхана болады. Бүгін қаланың сол жағалауында тұрғызылатын ғимараттың іргетасын қалау рәсімі өтті. Облыс орталығында 51 мың оқушы бар. Соның 11 мыңнан астамы әртүрлі үйірмелерге қатысады.
Орталық ашылған кезде оқушылардың 41 пайызы қосымша білім беру мекемелеріне баруға мүмкіндік алады. Нұрбол Нұрсағатов, қала әкімі: - Оң жақ жағалауымызда бізде осы секілді Балалар сарайы бар. Бірақ та ол біріншіден оң жақ жағалауда. Екіншіден, өздеріңіз білесіздер, оның енді заманауи жабдықтары азғантай.
Осы сол жағалауда салу үшін біз қазіргі кезде тиісті құжаттарды дайындап, осы наурыз айынан бастап жасалатын болды. Мұнда роботтехника кабинеттері болады, бокспен шұғылданатын, бүкіл спорттық ұйымдар болады.