Кеше, 3 тамызда Семейде ересектердің қарауынсыз қалған 2020 жылы туған қыз бала 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бала алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.
Көп қабатты үйлердің терезелерінен балалардың құлауына байланысты жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖМ ескертеді:
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз!
- Балалар бар пәтерлердің терезелерін арнайы қорғаныс құрылғыларымен жабдықтаңыз! Бала оны өз бетінше аша алмауы үшін терезе тұтқаларын құлыптаңыз!
- Ешқашан москит торларын қолданбаңыз-балалар оларға сүйеніп құлайды!
- Баланың терезеге көтерілуіне жол бермеу үшін жиһаздың барлық түрлерін терезелерден алыстатыңыз!