Семей тұрғындарына экологиялық саяхат ұсынылды

21 Мамыр 2024, 23:53
504
Бөлісу:
Семей тұрғындарына экологиялық саяхат ұсынылды
Фото: gov.kz

Семейде "Таза Қазақстан" жобасы аясында "Қызыл кітап беттерін парақтау" эко-акциясы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараны "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты қалалық ішкі саясат бөлімімен бірлесе "Таза Қазақстан" және "Парктер маршы" акциялары аясында ұйымдастырды.

Орталық саябақта тұрғындар қызыл кітапқа енген сирек өсімдіктер, жануарлармен танысуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар Абай атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған тақырыптық көрмені тамашалауға мүмкіндік туды.

Акцияның негізгі мақсаты – тұрғындар назарын қорғалатын табиғи аумақтардың мәселесіне аудару, қорықтарды сақтау мен дамытуға нақты көмек көрсету, халықтың жабайы табиғатқа оң көзқарасын қалыптастыру, - делінген хабарламада.

2024 жылы резерватта көшеттерді ауқымды түрде отырғызу жоспарланған. 6 100 гектар жерге 28 миллион 700 мың ағаш отырғызылады деп күтілуде. Бұл науқан екі кезеңде жүреді. Көшеттердің 5 000 гектардан астамы көктемде, ал қалған 961 гектары күзде отырғызылады.

Өзгелердің жаңалығы