Қазіргі уақытта республикалық маңыздағы Р-23 «Семей – Қайнар» тас жолының 220-268 шақырымдар аралығындағы учаскесін жақсарту бойынша жұмыстар қарқын алған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кету қажет, бұған дейін жол пайдаланушылары мен қоғам белсенділерінің тарапынан аталған жолға қатысты көптеген шағымдар келіп түскен болатын. Олар 9 елдімекенді қаламен байланыстыратын автомобиль жолының сапасы мүлдем сын көтермейтінін алға тартып, жөндеу жүргізуді сұраған болатын.
Жол құрылыс жұмыстарын «Семей жолдары» ЖШС жүргізуде. Жұмыс жоспары 2023-2024 жылдар аралығын қамтиды. Барлық жол жұмыстары «QAZSAURAN» ЖШС бақылауындаекенін айта кеткен жөн.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінде цемент қосу арқылы ресайклерлеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта қалыңдығы 5 см болатын ыстық асфальтбетон қоспасынан жабын төселіп жатыр.
Барлық жұмыстарды аяқтау 2024 жылға көзделген.