Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Семей қаласының жаңа әкімі сайланды

14 Қазан 2025, 16:02
1416
Бөлісу:
 gov.kz
Фото: gov.kz

Семей қалалық аумақтық сайлау комиссиясы қала әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Аумақтық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.

2025 жылғы 12 қазанда өткен сайлау қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде Абай облысы Семей қаласының әкімі сайлауының қорытындылары шықты.

Жалпы дауыс берушілер тізіміне 220 761 азамат енгізілді, олардың 118 553-і дауыс берді. Жарамсыз деп танылған бюллетеньдер саны — 2482, «Барлығына қарсы» дауыс бергендер саны — 4310 адам.

Кандидаттар бойынша дауыс саны:

  • Бекжасаров А.К. – 9 763 дауыс;
  • Қожанбаев А.Н. – 89 441 дауыс;
  • Төлеуов Қ.М. – 12 557 дауыс.

Абай облысы Семей қаласының әкімі болып 1980 жылы туған, Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі, Көкпекті ауданының Көкпекті ауылында тұратын, өзін-өзі ұсынған Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы сайланды, – делінген қалалық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасында.

Еске салайық, 12 қазанда Семейде облыстық маңызы бар қала әкімінің алғашқы тікелей сайлауы өткен еді.

Өзгелердің жаңалығы