Семей қаласының сауда үйінен өрт шықты

Семей қаласы "Бирюса" сауда үйінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 pixabay.com 19 Ақпан 2024 2024, 19:48
19 Ақпан 2024 2024, 19:48
857
Фото: pixabay.com

Семей қаласы "Бирюса" сауда үйінде өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенде қатты түтін байқалды. 

ГТҚҚ буыны дереу құрылып, барлауға кірісті. Барлау барысында аспалы төбенің жанып тұрғаны және қатты түтіндеп тұрғаны анықталды. Өрт сағат 14:26 оқшауланып, сағат 16:25 сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өртті жоюға жеке құрамның 16 адамы, 4 бірлік техника жұмылдырылды. Өрттің алдын ала ауданы 15 ш.м. құрайды. Оқиға себебі анықталуда, - делінген хабарламада.

Наверх