Абай облысының әкімі «Ғаббасов» қазандығын, магистральдық жылу желілерін және 401 кварталдағы жылу орталығын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Ғаббасов» жылу орталығындағы қазандықтар тесттік түрде іске қосылып, жұмысы тексерілді. Бүгінде қазандықтар жылу беру маусымына дайын.
Келесі аптада әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ету үшін қазандықтарды іске қосамыз. Жалпы қалаға 15 қазанда жылу беріледі. Халық күтіп отыр, біз тұрғындарға жүргізілген жұмыстардың сапасына кепілдік беруіміз керек. Қала әкімдігі мен жауапты органдар жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарының аяқталуын қадағалап қана қоймай, үйлердің жылу беруге дайындығын тағы да тексеруі керек, — деді Нұрлан Ұранхаев.
Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жасалған жылу магистральдары мен желілерін жабу, сондай-ақ жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.