Семей өрті. Орман техникасының көбі 50 жыл бұрын шығарылған

16 Қазан 2023, 13:21
670
Бөлісу:
Семей өрті. Орман техникасының көбі 50 жыл бұрын шығарылған
Фото: Артём Чурсинов - архив

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Ертіс пен Семей орманындарында қанша дрон барын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өрт мәселесіне келсек, өрттің ұлғайып, асқынуның бірден бір себебі - орман мекемелеріндегі техниканың жетіспеуі. Бүгінгі таңда мекемелерге техникамен қамтамасыз ету деңгейін 70 пайыз деп отырмыз, оның 60 пайызы есептен шығаруға жататын технка. Жай ғана мысал, Есіл орманында 1973-1974 жылға автоккөліктер әлі жұмыс істейді, себебі жаңасын бермегенсоң ескісін қолданып жүрміз, - деді спикер орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр өткен жұма мен сенбі Семей орманына барып қайтқанын айтады. Оның сөзінше, Семейдегі мәселеден кейін үкімет биыл 13 млрд теңге бөлген. Қазіргі таңда техника жаңартылып, 4 млрд-ты игерілген.

Дронды қолданған тиімді. Бізде арнайы тікұщақ базасынан 16-18 ұшаққа дейін жалданады, олар өрт қаупі жоғары өңірлерді күні-түні бақылайды. Күніне ұшақ базасының категориясы белгіленген. Әрине, ол көп қаржыны талап етеді, - деді Нысанбаев.

Орман шаруашылығын дамыту басқармасының басшысы Мәди Нұрпейісов Ертіс пен Семей орманын дрондардың барын атап өтті.

Екі-үш данадан бар. Бүгінгі таңда алда алу жоспарланып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы