«Семей орманында» өрт шығарғаны үшін Абай облысының тұрғыны жазаланды

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

 ТЖМ баспасөз қызметі 8 Маусым 2024 2024, 12:37
8 Маусым 2024 2024, 12:37
927
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Абай облысының Өртке қарсы қызметіне «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Орталық орманшылығы аумағында орман өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Оқиға орнына өңірдегі ТЖД күштері мен құралдары және «Семей Орманы» МОТР қызметкерлері келгеннен кейін жалпы ауданы 0,03 га құрғақ шөптің өртенгені анықталды.

Іздестіру іс-шаралары барысында кінәлі адам анықталды.

Трактор иесі Боровлянка ауылының тұрғыны ҚР ӘҚБтК 367-бабы 3-бөлігі бойынша 184 600 теңге сомасына айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарелды.

Наверх