Абай облысы Бородулиха ауданындағы "Семей Орманы" МОТР филиалының аумағында орман өрті шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті.
Бұл аймақ батпақты жетуі қиын жерде орналасқан. Өртті сөндіруге Абай облысы ТЖД және орман шаруашылығы күштері жұмылдырылды. Өрттің ауданы нақтылануда, - делінген хабарламада.