Бүгін, 15 шілде күні сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөптер мен ағаштардың жануы туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сағат 11:52-де өрт орнына ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдары : облыстың ТЖД, ТЖМ 68303 әскери бөлімінің, ШҚО ТЖД жеке құрамдарының 100 адамы және 20-дан астам техникасы жіберілген.
Өртті жедел сөндіруге жәрдемдесу мақсатында ТЖМ авиациясы жіберілді. Қазіргі уақытта "Семей орманы" МОТР ақпараты бойынша өрттің алдын ала ауданы 20 га құрайды. Ауа райы: +28 градус, солтүстік-батыс жел 16 м /с. Өрттің жанында қазіргі уақытта "Шошқала" демалыс аймағы орналасқан. ТЖД және ПД күштерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде, ықтимал түтіндеуге байланысты демалыс аймағынан шығу ұсынылды, - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.