Семей қаласында қар суын тазарту жұмыстары 24/7 режимінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қалалық әкімдіктің мәліметіне сәйкес қазіргі уақытта суды тазартуда 30-ға жуық арнайы техникалар және қар шығару мен қаланың санитарлық тазалығына 90 техника жұмылдырылды.
Қар суын тазарту жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Соңғы 5 тәулікте 6,8 мың м3 астам су сорылды. Көктемгі су тасқынының алдын алу мәселелері қала әкімдігінің қатаң бақылауында. ЖАО және ТЖБ күштерімен қала көшелеріндегі ахуалға мониторинг жүргізілуде, - делінген хабарламада.