"Семей" клубы 2025 жылғы Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. Финалда семейлік команда алматылық «Қайратпен» кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ойын барысында "Семей" командасының басымдығы байқалды. Кайо Торрес (3, 19-минуттар), Дедезиньо (16-минут), Кандидо (22-минут) және Дәрібай (36-минут) мергендік танытып, командасына бес гол сыйлады. Ал "Қайраттың" жалғыз голын 24-минутта Денер соқты.
Осылайша, "Семей" 5:1 есебімен жеңіске жетіп, клуб тарихында алғаш рет Қазақстан кубогін иеленді.