Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Даниал Ахметов Семейдегі Абай арена кешенінде атқарылып жатқан құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Бұл туралы buqara.kz сайтында хабарланды.
Қарағайлы шағын ауданында Абай арена деп аталған мәдени-спорттық кешеннің құрылысы 2017 жылы басталған. 5 мың адамға арналып салынған спорттық нысан үш блоктан тұрады. Кешен құрылысына мердігер сегіз компанияның 200-ден астам жұмысшысы тартылған.
Спорт нысанының алдында ерекше субұрқақтың құрылысы қызу жүріп жатыр. Биылғы жылдың қыркүйек айының ортасында жаңа субұрқақ пайдалануға беріледі деп күтілуде.