Шығысқазақстандық шаруашылық селекциялау үрдісін 3 есеге жеделдетпек

27 Шілде 2020, 18:54
3871
Бөлісу:
Шығысқазақстандық шаруашылық селекциялау үрдісін 3 есеге жеделдетпек
PHOTO
Фото: автордан

Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттен қолдау тапқан шығысқазақстандық шаруашылық ғылыми жұмыстарды қыс мезгілінде де тоқтатпай, дәнді дақылдардың жаңа сорттарын алу үрдісін үш есеге жеделдетпек.

WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.15 (1).jpeg

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің негізін өсімдік және мал шаруашылықтары құрайтыны барлығына аян. Қазіргі уақытта қос сала жаңа технологияларды енгізу және инвестициялық қаржы тарту арқылы белсенді түрде қайта жаңғыруда. Мамандар ауыл шаруашылығы кешенін дамытуда аймақтық агроөнеркәсіптік холдингтердің құрылуы маңызды рөл атқаратынын айтады. Міне "Астана-бизнес" агрохолдингінің құрамына кіретін "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" осы бағытта дамуда. "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ауылшаруашылығы көрсеткіші бойынша республикада алдыңғы қатарда. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласынан 3 шақырым қашықтықта орналасқан шаруашылықтың ауылшаруашылығы алқаптары 10 000 гектарға таяса, оның 7 000 гектарға таяуы егіс алқаптары. Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы күнбағыс тұқымының оригинаторы болып келеді, сондай-ақ элиталы тұқым өсіруші мәртебесіне де ие. Ол clearfield және sunexpress жүйесімен өсірілетін классикалық гибридтерді және күнбағыс гибридтерін селекциялаумен айналысады, Қазақстанның негізінен егін өсірумен айналысатын аймақтарына жарайтын соя тұқымын, сондай-ақ жаздық және қыстық бидайдың тұқымын өсіріп, селекциялайды.

Сонымен қатар, ол мал шаруашылығында ірі қараның фенотипі мен генотипін жақсартып келеді. 

Қарқынды технологиялар қолданылады

"Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің алқаптағы жұмысы тобында 45 адамнан, оның ішінде үш агрономнан тұратын бригада жұмыс істейді. Өндірістік жағдайда кәсіпорын күнбағыс, бидай, рапс, бұршақ, соя, тұқымын алуға және пішендеме үшін жоңышқа, сүрлем үшін жүгері сияқты ауылшаруашылығы дақылдарын өсіріп-өндірумен айналысады. Өндірісте ауылшаруашылығы дақылдарын өсіріп-өндіретін қарқынды технологиялар қолданылады. Атап айтсақ, мұнда заманауи ауылшаруашылығы техникалары, топырақ өңдейтін егін егу кешендері, өздігінен жүретін бүріккіштер, минералды және органикалық тыңайтқыш шашатын техникалар қолданылады. Жем-шөп дайындайтын техника мен өнімділігі жоғары комбайндар бар. Қарқынды технологиялар ерте көктемгі тырмалау, егіс алдындағы культивациялау, тереңдете қопсыту, күзгі жер жырту, заманауи егін егу компаниясы, минералды тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау құралдарын шашу сияқты топырақ өңдеуге қатысты жұмыстарды атқарады. 

Шетелдік әріптестік

Кәсіпорын майлы және дәнді дақылдарды селекциялау және бастапқы тұқым шаруашылығы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Ғылыми бөлімге ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты жетекшілік етеді. Ғылыми бөлім 35 қызметкерден тұрса, оның төртеуі ауылшаруашылығы кандидаты мен жақын шетелден келген мамандар. Майлы дақылдарды селекциялау және тұқымын өсіру бөлімінің күнбағыс пен соя сорттарын және олардың гибридтерін өңдейтін қарқынды технологиялары бар. Дәнді дақылдар бөлімі француз, неміс және украиналық мамандармен бірге селекциялық жұмыстар жүргізуде. Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы күнбағысты селекциялау мен тұқымын өсіру саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялар арасында оза шапқан көшбасшы. Шаруашылық ғалымдарының жұмыстары селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне енгізілген. "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өсірген күнбағыстың 10 гибридін қолдануға рұқсат етілген.

Таза дақыл алу мақсатында

Бірінші кезекте, сапалы тұқымдық материал алу үшін дәнді және майлы дақылдардың тұқымын тазалайтын заманауи дән тазалағыш кешен салынып, іске қосылды. Өндіруші германиялық "Петкукс" компаниясы. Бұл өз кезегінде ауылшаруашылығы дақылдарын өндірудің бірқатар деңгейде ұлғаюына себепші болды. Жүйе заманауи машиналармен жабдықталған. Майлы және дәнді дақылдарды өңдеуге арналған әмбебап ауа-елеуішті сепаратордың күнбағысты тауарлы тазартуы сағатына 15 тоннаны құраса, дәнін сағатына 4 тоннаға дейін тазартады. Треерлі блок дәнді ұзындығы бойынша бөліп, сорттайды. Сорттайтын пневмоүстел оларды салмағы бойынша фракциялаған соң, өнім ары қарай фотосепараторлық өңдеуден өтіп, себу алдындағы өсімдікті қорғайтын құралдармен өңделеді. Барлық машина мен көлік құралы қашықтықтан басқару пульті арқылы басқарылады. Бұл кешенге бар-жоғы екі адам ғана қызмет көрсетеді. Барлық тұқым "Петкукс" дән тазалағыш зауыты арқылы өтетіндіктен, еуропалық сападағы тұқымдық материал алуға мүмкіндік бар. Кешен жоғары сапалы тұқыммен Шығыс Қазақстан өңірін ғана емес, сондай-ақ республиканың басқа аймақтарын, Ресей Федерациясының және Орта Азияның жақын маңдағы облыстарын қамтамасыз етуге қауқары бар. Ауылшаруашылығы дақылдарының тұқымын сақтайтын жалпы ауданы 20 мың шаршы метрден асатын 16 қоймасы бар. Қоймалардағы орынды үнемді пайдалану және тұқымды ұзақ әрі сенімді сақтау үшін тұқымдық материалды 500 келі өнімге арналған "биг-бэг" тәрізді ыңғайлы ыдысқа жабу сияқты сақтаудың заманауи әдістері қолданылады.

Өнім көлемі ұлғаяды

Пішендеме. Өсімдік бүрлене бастаған фазасында жоңышқа шапқыш-таптағыш құралмен шабылады. Шабылған соң жасыл шөп орындыға айналады. Келесі кезекте тырмауышпен жүйелеп жиналады. Жасыл шөп 65 пайыз ылғал жинаған соң, "Кроне" маркалы жем-шөп жинаушы комбайн баллда жатқан жоңышқаны биологиялық қоспалар қосып, майдалауға көшеді. Сонан соң шабылған жоңышқа қазылған орға салынып, ауыр тракторлармен жанышталады. Күн сайын мұндай пішендеменің мыңдаған тоннасы дайындалады. Мұның барлық жем-шөпті сапалы түрде уақытылы дайындауға мүмкіндік бар. Жем-шөп дайындайтын топтың жұмыс нәтижесінде келесі көрсеткіштегі жоғары сапалы пішендеме дайындауға қол жеткізілді: жем-шөптің бір келісінде 35 пайызға дейін құрғақ зат пен 220 грамм протеин бар. Бұл өз кезегінде сауын сиырлардың сүтін арттырып, ірі қара малдың тез салмақ жинауына септігін тигізеді.

WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.17.jpeg

Сүрлем. Шаруашылықта сүрлемге қолданылатын негізгі дақыл – жүгері. Жем-шөпті сүрлемге салудағы басты міндеттердің бірі – ол өсімдік дамуындағы ең тиімді фазасын таңдап алу. Сүрлем 65 пайыздық ылғалдылықта, биологиялық қоспаларды қатар қолдана отырып жүргізіледі. Ұсақталған жүгері қазылған орда арнайы катоктары бар ауыр тракторламен нығыздалады.

WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.16 (1).jpeg 

Заманауи технология тауарлы-сүт фермасында
WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.14.jpeg

Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өсімдік шаруашылығымен қатар мал шаруашылығын да белсенді дамытуда. 2016 жылы "Астана-бизнес" холдингінің өз қаражатына, сондай-ақ "Агро-Консалт" консалтинг компаниясы мен "Eurasia Building" құрылыс компаниясының мал шаруашылығы саласындағы тәжірибесін қолдану арқасында 1200 басқа арналған сүт-тауарлы ферма салынып, қолданысқа берілді. Жобаның мақсаты - қосымша жұмыс орындарын құру, еңбекті механизациялау және пайдасын арттыру, жергілікті тұқымды сауын сиырлардан сауылатын сүттің бір тәуліктегі орташа нормасын 30 литрге, тәуліктік орташа салмақ жинауын 1,5 келіге жеткізу және қалдықсыз өндірісті қолдану арқылы төрт түлікке жайлы жағдай жасау. Заманауи технологиялардың арқасында жануарлардың есебін жүргізу табынды басқаруға бағытталған "Делаваль" компаниясының "Дельпро" бағдарламасы және украиналық Делаваль және Унифермагри компанияларының бағдарламалық қосымшалары арқылы бақыланады. Бұл өз кезегінде мал басын басқаруға, физиологиялық және өнім беру мүмкіндігіне қарай рационын құруға, сүт сауу және оны есептеуге күмкіндік береді. Бағдарламаларда әр сиырға қатысты төлқұжат жасалып, оған туғаннан бастап, аурулары мен берілген екпелеріне дейінгі барлық мәлімет енгізіледі.

WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.13 (1).jpeg

36 басқа арналған заманауи сауын залында қызмет ететін екі оператордың бір ауысымда 1 000 бас сиырды саууға мүмкіндігі бар. Сүт фермасында 4 000 бас сиыр болса, оның 1 500-і тәулігіне орташа 27 литр, ал жылына 8,5-9 мың литр сүт беретін сауын сиырлар. Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы "Эмиль" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі шаруашылық. Жобада сауын сиырларға жайлы жағдай жасау жағы да қарастырылған. Автоматтандырылған қи тазалау, жарықты реттеу, үгінді себу, автоматтандырылған тазалағыштар, табиғи және қолдан желдету, ыстықта сиырларға салқын су бүрку фермада малға жайлы жағдай қалыптастырған. Жобаның тағы бір жаңалығы ретінде сепаратор мен БРУ барабаны арқылы дайындалып, малдың астына төселетін сепараторланған қиды айтуға болады. Сиырлардың астына төселетін затты дайындау – үздіксіз әрі қалдықсыз үрдіс, жануарлар үшін өте пайдалы және оларды түрлі аурулардан сақтап, ветеринариялық қызметке кететін шығындарды азайтады. Бұл Қазақстандағы алғашқы құрылғы. Оған қоса, мұнда әрқайсысы 400 басқа арналған үш бордақылау алаңы іске қосылған. Жеңіл шатырмен жабылған ангарларда тамақтандыру үстелдері мен автотөсеніштер салынған. "Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы" мал шаруашылығына да заманауаи технологияларды енгізуде. 700 басқа арналған тағы бір сауын залын салу жоспарда бар. Жоба келесі жылы аяқталуы тиіс. Селекциялық жұмыс арқылы жергілікті тұқымды ірі қараның фенотипі мен генотипін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін АҚШ, Канада, Израиль, Австрия мен басқа елдердің тәжірибесі зерделенді. Ғылыми зерттеулердің нәтижесі көп жағдайда "Дерби Глобал" консалтингтік компаниясының украиналық мамандарының білімі мен тәжірибесінің арқасында қол жеткізілуде. Бұл жұмыстың жалғасып келе жатқанына екі жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында Украинадан 165 бас голштин тұқымды сиырлары сатып алынды. Бұл сиырлардың әр басы жылына 11 мың литрге дейін сүт береді. Шаруашылықтағылар украиналық әріптестерінің берген тәжірибесі үлкен жетістікке жеткізгенін айтады.

WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.15 (2).jpeg 

Өсім стартегиясы

Кәсіпорында жоғары өнімділік пен ғылыми жұмыс үйлесімді жүргізілуде.

Егер санмен айтар болсақ, бізде сауын сиырлар табыны екі есеге ұлғайып, ал сауылған сүттің жалпы көлемі екі жарым есеге өсті. Бұл өндірістің бес есеге өскенін білдіреді. Біз осы саладағы барлық соңғы жетістікті қолдандық, - дейді "Астана-бизнес "Майлы дақылдардың тәжірибелі шаруашылығы" агрохолдингінің бас директоры Фарид Абитаев.
WhatsApp Image 2020-07-26 at 19.48.14 (1).jpeg

Тіпті әлеуметтік-тұрмыстық бастамалардың өзінде кәсіпорын басшылығы табыстылық пен өндіріске алдыңғы қатарлы технологияларды енгізуді ойластыруда.

Фарид Абитаев.jpeg

Біз ғылыми жұмыстардың қыс мезгілінде де тоқтап қалмай, жұмысы жалғасуы үшін шатырға жүк көтеретін жеделсатысы бар жылыжай орналастырамыз. Біз осылайша шатырда екі түсім алып, 9-12 жыл уақыт кететін жаңа сорттар алудың орнына селекция үрдісін үш есеге жеделдетеміз. Осылайша, бұл жолды қысқартып, үш-төрт жылда жүріп өтетін боламыз, - деп қосты "Астана-бизнес "Майлы дақылдардың тәжірибелі шаруашылығы» агрохолдингінің бас директоры.

Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығы шатырдағы жылыжай инновациялық технологиясын аймаққа, одан ары Қазақстан республикасына түгелдей тарату үшін таныстырмақ ниетте. Ауылшаруашылығы өндірушісі тез дамып, ашық нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығармақ ниетті. Ол үшін шаруашылық өсімдік шаруашылығы базасында мал шаруашылығын дамыту жабық циклді қалдықсыз өндіріс моделін қалыптастырды. Өндіріс пен ғылыми жұмыстың үйлесімділігі арқасында Майлы дақылдардың тәжірибелік шаруашылығының экономикалық өсімін анықталды.

Өзгелердің жаңалығы