ТЖМ жауын-шашынның көп жаууына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алдағы тәулікте елдің оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, кей жерде қатты болады. Болжамға сәйкес таулы өзендерде су шығыны артады деп күтіліп отыр. Кейбір өзенде жоғары су тасқыны, соның ішінде сел тасқыны болуы және өтуі мүмкін, - деді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Сонымен қатар таулардың баурайында қарқынды беткейлік ағын болуы мүмкін.
Республиканың шығысында су деңгейінің шамалы ауытқуы күтіледі. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында сел қаупі сақталады. Осыған байланысты, тауларға бармау, таулардағы жағдай туралы хабарламаларды бақылау ұсынылады.
Қауіп төнгенде немесе кенеттен сел шыққанда, жер бедерінің ең биік нүктелеріне көтеріліңіз.