Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин «Қазавиапас» тікұшағының неден апатқа ұшырағаны анықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Юрий Ильин комиссия апаттың себептерін әлі де тергеуде екенін, сондай-ақ қызметтік тексеріс жүріп жатқанын атап өтті.
Айта кету керек, тікұшақ техникалық тұрғыдан жарамды болған. Рейсті орындаған экипаждың деңгейі - кәсіби. Бірінші ұшқыштың 2600 сағат, екінші ұшқыштың 4000 сағатқа жуық ұшу тәжірибесі бар. Оның кәсібилігіне күмән келтіруге негіз жоқ. Аталған жағдай бойынша Төтенше жағдайлар министрлігі тиісті қорытынды жасайды, - дейді Ильин Үкімет кулуарында.
Министр алдымен ұшақтың апатты жағдайда қонғаны туралы ақпарат тарағанын айтты.
Көптеген адам соның ішінде әріптестеріңіз де, бұл апатты жағдайда қону емес, кәдімгі апат болды деді. Неліктен біз бастапқыда мұндай ақпаратты тараттық? Біз инженер қызметкермен байланысқаннан кейін ол тікұшақтың апатты жағдайда қонғанын хабарлады. Міне, осыны ескере отырып, «Қазавиакөлік» бөлімшесінің тікұшағы апатты жағдайда қонды деп ақпарат бердік. Қазір комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Сондықтан комиссия тікұшақ апаты мен қызметкерлеріміздің өліміне қатысты өз үкімін шығармайынша, мен әзірге түсініктеме бере алмаймын. Әлбетте, біз де осы апатқа қатысты ішкі қызметтік тергеу жүргізіп жатырмыз, – деді Ильин.
Еске сала кетейік, Батыс Қазақстан облысының Чапурино ауылының маңында Ми-8 АМТ Казавиаспас тікұшағы апатты жағдайда қонған. Ұшақ "Қазтрансойл" АҚ тапсырысы бойынша құбырдың үстінен ұшып өтті. Бортта бес экипаж мүшесі мен жолаушы – «Қазтрансойл» АҚ өкілі болған. Төрт адам қайтыс болған.