Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Щучинскте шаңғы жарысынан жасөспірімдер арасындағы біріншілік мәресіне жетті

26 Ақпан 2024, 19:09
660
Бөлісу:
 BAQ.KZ  -архив
Фото: BAQ.KZ -архив

Щучинск қаласында шаңғымен жарысудан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Республикалық біріншілік 17-21 ақпанда қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығының базасында өтті.

Чемпионат аясында еркін жарыс, спринт, масс-старт пен эстафета бойынша жеңімпаздар анықталды.

Жарысқа Қазақстанның 13 өңірінен 420-дан астам спортшы қатысты.

24 медаль жиынтығы сарапқа салынған додада Шығыс Қазақстан облысының командасы көшбасшы атанды. Екінші орынды Ақмола, үшінші орынды Қостанай командалары иеленген.

Өзгелердің жаңалығы