Қабылданған әрекет ету және оқиғаны жою шаралары, сондай-ақ зардап шеккендердің жағдайы туралы аудан әкімі Арай Садықов, ТЖД басшысының орынбасары Мұрат Қанғожинов, денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Азаматтардың қауіпсіздігі сөзсіз басымдық болып қалуы тиіс. Осы бағытта қосымша ұйымдастырушылық және алдын алу шаралары қабылданады. Біз зардап шеккен отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетеміз, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.
Облыс әкімі зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларына жан-жақты көмек көрсетуді, медициналық көмектің уақытылы көрсетілуін және жедел жәрдем бригадаларының тәулік бойы кезекшілігін ұйымдастыруды, сондай-ақ оқиға себептерін объективті тергеуді, кінәлілерді жауапкершілікке тартуды және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Айта кетейік, қаза болған 6 отбасыға 2 млн теңге көлемінде біржолғы төлемдер берілді. Қаза тапқандардың отбасыларына дәмхана иесі қосымша 2 миллион теңгеден төледі. Өмірлік қиын жағдайға тап болған 5 отбасының несиелері демеушілік қаражат есебінен өтелетін болады. Сондай-ақ заңнамаға сәйкес әлеуметтік төлемдер тағайындалды.
Еске салайық, газ-ауа қоспасының жарылысы «Центр плова» кафесінде өртке әкелді. 28 адам зардап шекті, 5 адам оқиға орнында қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жеткізілген кезде көз жұмды. 13 адам медициналық көмек алуда.