Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бала бесінші қабаттан құлап кетті

15 Қыркүйек 2024, 16:33
771
Бөлісу:

Щучинск қаласында 12 жастағы қыз бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бурабай ауданының полиция бөлімі хабарлағандай, оқиға 14 қыркүйекте Щучинск қаласында болған.

12 жасар қыз бала 5-қабаттағы пәтерінің терезесінен құлап кеткені алдын ала анықталған, - делінген хабарламада.

Осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оқиғаның мән-жайы белгіленеді.

Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта қыз бала ауруханада жатыр.

Өзгелердің жаңалығы