Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды

13 Шілде 2024, 22:20
313
Бөлісу:
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды
Фото: gov.kz

Ақмола облысы Бурабай ауданында өткен кеңесте Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамытудың өзекті мәселелері қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Іс-шараға облыс әкімі Марат Ахметжанов, ҚР Президенті Іс Басқармасының өкілі, Бас прокурордың орынбасары және мүдделі ведомстволардың -туризм және спорт, көлік, экология және табиғи ресурстар, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің өкілдері қатысты. Онда басты назар - инженерлік-құрылыс жобаларын аяқтау және курорттық аймақты дамытудың Кешенді жоспарын әзірлеу мәселесіне аударылды.

Жиынды ашқан облыс әкімі Мемлекет басшысы айтқан тапсырмаларды орындаудың маңыздылығын атап өтті. Іс-шара барысында ЩБКА дамуының жаңа көрінісі ұсынылды.

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды

Президенттің Іс басқарушысының орынбасары Рустам Баялиев ЩБКА-ны дамыту бойынша Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы туралы айтты. Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту және танымал ету перспективалары туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев айтып берді. Ол сондай-ақ аймақтың туристік индустриясындағы ағымдағы және жоспарланған іс-шаралар туралы есеп берді.

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту аспектілеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Ведомствоның жоспарында – жолаушылар маршруттарының санын екі есеге, оның ішінде әуе және теміржол тасымалдарының санын ұлғайту жайы қарастырылған.

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды

Ақмола облысының туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурский курорттық аймақты дамыту жоспарының үш кезеңі аясында жүзеге асырылып жатқан инженерлік инфрақұрылым жобаларының мәртебесі туралы хабарлады: Бурабай кентінде инфрақұрылымдық желілерді жүргізу, су құбырлары мен жылу желілерін жаңғырту жағдайын кеңінен баяндап берді .

Спикерлер сондай-ақ курорттық аймақтың көлік инфрақұрылымын дамыту және цифрлық технологияларды енгізу, туризм саласының инвестициялық әлеуеті, экологиялық тұрақтылық және қоғамдық жауапкершілік туралы талқылады.

Бізге курорттық аймақты дамытудың жаңа кешенді жоспарының негізін құрайтын тұжырымдамалық жаңа тәсіл мен нақты іс-әрекеттер қажет. Бурабай тек Қазақстанда ғана емес, басқа елдерде де танылатын туристік брендке айналуға тиіс, - деп атап өтті М.Ахметжанов.

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мәселесі талқыланды

Кеңес соңында Щучье-Бурабай курорттық аймағының елдің жетекші туристік кластері ретіндегі позициясын одан әрі нығайту үшін алға қойылған жұмыс бағыттары мен жүктелген міндеттерді іске асырудың нақты мерзімдері айқындалды.

Өзгелердің жаңалығы