"SCAT-тың" аңшылық алқабы мемлекетке қайтарылды

13 Наурыз 2024, 12:00
440
Бөлісу:
"SCAT-тың" аңшылық алқабы мемлекетке қайтарылды

Түркістан облысының прокурорлары бұрын "SCAT" әуекомпаниясына берілген аңшылық алқабын мемлекетке қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Түркістан облысының прокуратурасы жосықсыз орман пайдаланушыға тиесілі аумағы 4 400 гектар аңшылық алқабын мемлекетке қайтару жөнінде шаралар қабылдады.

2019 жылғы 13 желтоқсанда облыс әкімдігі аңшылық шаруашылығын жүргізу үшін жерді беру туралы қаулы шығарған. Осы актінің негізінде Табиғи ресурстар басқармасы және "SCAT әуекомпаниясы" АҚ-ы арасында 20 жыл мерзімге аңшылық алқабын (4 400 га) жалға беру шарты жасалған. Шарттың 3-тармағына сәйкес пайдаланушы салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жерге төлемді уақтылы енгізуге міндетті болған (Салық кодексінің 588-бабы 3-тармағының 3-тармақшасы). Алайда, "SCAT әуекомпаниясы" АҚ шарт жасалған сәттен бастап жер учаскелерін пайдаланғаны үшін бюджетке салық аударымдарын жүзеге асырмаған, - делінген Түркістан облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.

Ведомство атап өткендей, прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған юасқармамен бұйрық шығарылып (21.02.2024 ж. №20), шартты бұзу жолымен аңшылық алқабы мемлекет кірісіне қайтару жөнінде шаралар қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы