Сайрамдық полицейлер өз туысының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

31 Қазан 2020, 15:00
1506
Бөлісу:
Сайрамдық полицейлер өз туысының үйіне ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Сайрам аудандық полиция басқармасына   жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі.  

Жәбірленуші азамат өзінің арызында  түнгі  уақытта  белгісіз  біреулер  үйіне кіріп, жертөлесінде сақталған құрал жабдықтарды заңсыз алып кеткенін  көрсеткен. Келтірілген шығын  көлемі  112 000 тенгені  құрайды. 

Бұл іс ҚР ҚК-нің 188-бабы  «Ұрлық»  бойынша тіркеуге алынды.  Оқиға орын  алған жерге  учаскелік полиция  қызметкерлері  істің қалай болғанын  анықтау мақсатында жедел жетті. Полицейлер жан-жақты мұқият тексеріп, көршілерден сұрастырып,  іздестіру   жұмыстарын жүргізді. Тәртіп сақшыларының  жедел іздестіру, анықтау жұмыстарының  нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталды. Полицейлер  одан  айғақты зат ретінде дәнекерлеу  құрылғысы, ағаш кесетін аппарат пен бұрғылау құралдарын  алды. 

Қазіргі таңда  күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу  барысында анықталғаны,  ұсталған азамат  жәбірленушінің  туыс інісі болып шықты. Күдікті  жәбірленушінің  үйінде болмайтынын алдын ала біліп отырған.  Күдікті жас жігіт арам ойын жүзеге асырып, құрылыс құралдарын  сатып жібермек болған. Алайда, полицейлердің  жедел іздестіру жұмыстарының арқасында  ойы  жүзеге аспады. 


Өзгелердің жаңалығы