Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Орталық сайлау комиссиясының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, 10 қаңтар сағат 18:00-дегі жағдай бойынша сайлаушылардың 58,2 пайызы дауыс берді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты сағат 22:00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды,- деді Константин Петров
Олардың ішінде өңірлер бойынша:
Ақмола облысы бойынша – 72,8 %
Ақтөбе облысы бойынша – 58,8 %
Алматы облысы бойынша – 73,5 %
Атырау облысы бойынша – 56,4 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 62,4 %
Жамбыл облысы бойынша – 72,2 %
Қарағанды облысы бойынша – 70,7 %
Қостанай облысы бойынша – 71,8 %
Қызылорда облысы бойынша – 73,9 %
Маңғыстау облысы бойынша – 55 %
Павлодар облысы бойынша – 71,3 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 %
Түркістан облысы бойынша – 65,8 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %
Алматы қаласы бойынша – 30,3 %
Шымкент қаласы бойынша – 56,5 %.
Айта кетейік, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс сайлауының қорытындысын жеті күн ішінде – 2021 жылдың 17 қаңтарына дейін жариялайды.