Сайлауға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді

19 Наурыз 2023, 16:32
840
Бөлісу:
Сайлауға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді
Фото: автордан

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, Астана уақытымен сағат 16.00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі азаматтардың келуі мынаны құрады, - деп атап өтті ОСК мүшесі. 

Сайлауға құқығы бар азаматтардың жартысынан көбі дауыс берді

Белгілі болғандай, сайлауға дауыс беру құқығы бар ел азаматтарының жартысынан астамы, яғни 6 254 837 адам дауыс беруге келген. Бұл дауыс беру тізіміне енгізіген азаматтардың 51,98 пайызын құрайды. 

Еске сала кетейік, республикада дауыс беруге құқығы бар 12 032 550 азамат бар. 

Оның ішінде:

1.             Абай облысы бойынша –55,23%

2.             Ақмола облысы бойынша –58,96%

3.             Ақтөбе облысы бойынша –56,32%

4.             Алматы облысы бойынша –59,45%

5.             Атырау облысы бойынша –48,15%

6.             Батыс Қазақстан облысы бойынша –58,61%

7.             Жамбыл облысы бойынша –64,78%

8.             Жетісу облысы бойынша –54,82%

9.             Қарағанды облысы бойынша –58,21%

10.           Қостанай облысы бойынша –64,81%

11.           Қызылорда облысы бойынша –64,95%

12.           Маңғыстау облысы бойынша –53,84%

13.           Павлодар облысы бойынша –58,43%

14.           Солтүстік Қазақстан облысы бойынша –63,66%

15.           Түркістан облысы бойынша –49,14%

16.           Ұлытау облысы бойынша – 58,26%

17.           Шығыс Қазақстан облысы бойынша –63,09%

18.           Астана қаласы бойынша –38,57%

19.           Алматы қаласы бойынша –19,14%

20.           Шымкент қаласы бойынша –42,31%

Келесі жедел ақпарат сағат 18.10-да берілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы