Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауға келген қала тұрғындары өз пікірлерін білдіруде.
Оқи отырыңыз:

"Көптен бері дауыс беруге қатыспаған едік. Бүгін отбасымызбен келіп отырмыз. Сайлаудан күтерім көп. Жастарға жұмыс орындары көбейсін, Қазақстанның экономикасын көтерсін, көпбалалы аналарға жәрдемақы көбейсін деп тілеймін", - деді №58 учаскеге дауыс беруге келген қала тұрғыны Клара Ташмағамбетова.
