Сайлауда бақылаушы болу үшін нені ескеру керек?

4 Желтоқсан 2020, 21:52
5080
Бөлісу:
Сайлауда бақылаушы болу үшін нені ескеру керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сайлауда бақылаушы болу үлкен тәжірибе. Азаматтық қоғам мен саяси мәдениет солай қалыптасады. Сайлаудың бағасын беретіндер де бақылаушылар.

Алдағы өтетін сайлауды бақылау туралы Бауыржан Серікбаев, ел азаматтары бақылаушы болу үшін белсеніп жатса бұл жақсы көрсеткіш, деп санайды.

Бұл туралы белсенді әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бірақ бақылаушылардың сапасын да қадағалау керек. Былтыр ұйқысын қандырып таңғы 10-11 де келген бақылаушылар да болды. Сол күні өткен Генаның бойын көремін деп сайлау учаскесін тастап кеткендер де кездесті. Провакацияға барған бақылаушылар да болды. Сонымен қатар өз ісіне адал азаматтар да кездесті. Бүгін Орталық сайлау комиссиясы бақылаушы ретінде жарғысында адам құқықтары мен бостандықтарымен айналысу ісі көрсетілген ұйымдар жіберіледі деген ұстанымын білдірді. Бұл дұрыс бағыт. Нақты адам құқықтары саласында еңбек етіп келген, тәжірибелі де осы салада айтары бар ұйымдар іске кіріседі деген сөз. Кәсібилік пен сапа артады. Шетелде бақылаумен айналысатын 20-30 жылдық тарихы бар ұйымдар да бар. Тәжірибесі мол, әділін жеткізеді. Біз де бақылаушыларды бір институт ретінде қалыптастыратын, құндылық ретінде сапалы деңгейге көтеретін қадамдар жасауымыз керек, – деп жазды ол.

Сонымен бірге Орталық сайлау комиссиясы саяси партиялар да әр сайлау учаскесінде бір бақылаушыдан өзінің сенімді өкілдерін жібере алатындығын мәлімдеді.

Бұл да өркениетті елдердің барлығында бар тәжірибе. Дұрыс. Енді қалғаны саяси партиялар да республика бойынша сайлау учаскелерін толығымен жабуға тырысуы тиіс. Ел бойынша 10 млн 800 мыңнан астам сайлаушы бар екен. Әр азамат дауыс беріп әрі бақылаушы болып белсеніп жатса бұл процесс бізді демократия талаптарына жақындата түседі. Сондықтан сайлауда белсенді болайық ағайын. Дауыс беріп, оның есептелуін де бақылайық, – дейді белсенді.

Сондай-ақ, қоғам белсендісі Самат Нұртазаның пікірінше, жыл бойы қоғамды жалмауызша жалмаған пандемияның кесірінен, сайлау процессы халыққа қызық болмауы мүмкін еді, бірак тәуелсіз бақылаушылар осы іске бір жаңа демократияшыл леп бергендей болып отыр. Сайлауға деген қоғами дүмпу, стимул, саяси қызығушылық – барлығының авторы тәуелсіз бақылаушылар.

Орталық Сайлау Комиссиясының қаулысы бойынша, бақылаушы болғысы келген Мемлекеттік Емес Ұйымдардың уставында азаматтардың құқығын қорғау, ой-пікір, ар-ождан бостандығын қолдау туралы баптар болуы тиіс. Яғни бұл либерализация мен демократизацияның шыңы деп толық айтуға қисын бар. Алайда кейбір «демократиясымақ» ұйымдар осындай игі істің өзінен «қысым» сезініп жатыр екен. Кеше ғана ит пен мысықтың саудасымен жүргендер, бүгін Ел тағдырын шешумен әлек. Әр ұйым өз ісімен айналасу керек десең, «қысым көрсеткен жауыз» боласың да шығасың. Әйтеуір қасқырдың ауызы жесе де қан, жемесе де қан дегендей, өзіне ыңғайсыз затты билікке жаба салу тренд болып отыр. Сайлауды баланың ойыншығы қылып, халықтың берекесін қашыруды көздеген ұйымдар, Ақ Орданың либерализмінен негатив көретін «дарынын» айтсаңшы... Тоқ етері, 2019 жылғы президент сайлауында 11.000 бақылаушылар қатысқан еді, сондықтан саяси белсенділік жылдан жылға ұлғаюда. Сол себепті Орталық Сайлау Комиссиясы кез келген азаматтарға бақылаушы болу үшін қажетті құжаттар тізімін жариялады. Ол заман талабы. Демократия ережесі. Қауіпсіздіктің қажеттілігі. Сайлау өз арнасымен, заң аясында, Конституциялың заңнамасына сай өтетініне күмәнім жоқ. Адекватты қоғам - Бостандық пен Тұрақтылықты таңдайтыны сөзсіз, – деп жазды ол.

Өзгелердің жаңалығы