Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Белгілі құқықтанушы, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Марат Бәшімов бүгін Президент қол қойған заңдарға қатысты пікір білдірді.
"Сайлау" және "Саяси партиялар туралы" Қазақстан Республикасының заңына енгізілген түзетулер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің екінші отырысында берілген тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бұл заң жобалары әуелі Мәжілістен қолдау тауып, Сенатқа жіберілді. Ол жақта мақұлданғаннан кейін бүгін президент қол қойды, - дейді Марат Бәшімов.
Ол осы ретте аталған заң жобаларының алты ерекшілігін атап өтті.
1. Жаңа заңға сәйкес Парламентте ең кемі 30 пайыздан 100 пайызға дейін әйелдер мен жастар болады. Халықаралық құқықта – мұны "позитивті дискриминация" деп атайды. Бұл ең аз өкілдікке кепілдік береді.
2. Ең бастысы - міндетті минимум бар. Яғни партиялық тізімдегі үміткердің 30% -ы әйелдер мен жастар болу керек. Оларға осындай квота беріліп отыр. Партиялар, атап айтқанда, қазіргі билік партиясы "Нұр Отан" әйелдер мен жастардың да жоғары пайыздарға қол жеткізе алатынын дәлелдеуі мүмкін. Бұл "Ақ Жол" мен ҚКХП партияларына да қатысты. Партиялар халыққа жақын болып, азаматтық қоғаммен жұмыс істеуі керек.
3. Саяси партияларды тіркеуге қиындық туындатып жүрген мәселені бірі - 40 мың қол жинау еді. Осы жолы 20 мың адамға дейін қысқаруы айтарлықтай нәтиже. Бұл болашаққа жасалған қадам.
4. Көп ұзамай сайлау өтеді. Сол кезде әйелдер мен жастарды елдегі саяси мәселелерді шешуге белсенді пайдалана отырып, Мәжіліске үміткер жаңа кандидаттар тізімін сапалы жаңартуға мүмкіндік болады.
5.Қолданыстағы ашық емес және демократиялық нормалары аз саналатын заңмен салыстырғанда бұл түзетулер әлеуметтік процестерді демократияландыру жолындағы үлкен қадам болып табылады. Бұл гендерлік бағыттың нығаюы және заңнамалық процеске жастардың, түрлі әлеуметтік топтардың қатысуына ықпал етеді.
6. Президент Тоқаевтың қол қойған заң жобалары - демократиялық қағидаларға сәйкес және азаматтарымыздың конституциялық құқықтарын қорғауын жоғары деңгейге көтере алады.