Сайлау процесінің заңдылығына әсер ететін заң бұзушылық тіркелген жоқ – Бану Нұрғазиева

11 Қаңтар 2021, 12:03
2289
Бөлісу:
Сайлау процесінің заңдылығына әсер ететін заң бұзушылық  тіркелген жоқ – Бану Нұрғазиева
PHOTO VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы сайлауды бейпартиялық байқау орталығында қорытынды брифинг өтті.

Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының басшысы, Қазақстанның Азаматтық қоғам альянсының президенті Бану Нұрғазиева орталықтың ағымдағы жұмысы туралы, аймақтық байқаушылар желісін қалыптастыру және оқыту барысы, барлық сайлау процесіне қатысушылармен, саяси партиялардың өкілдерімен және халықаралық бақылаушылармен өткізілген кездесулер туралы айтты.

айс5.jpeg


Сайлауды бейпартиялық байқау орталығы алғаш рет қоғамдық институт ретінде құрылып, 10 қаңтарда сайлау процесін мониторингтеу бойынша ситуациялық орталық ретінде жұмыс істеді. Орталық платформасында Қазақстанның Азаматтық қоғам альянсы, ҚР Кәсіподақ федерациясы және біздің орталықтың серіктестерінің 130-дан астам үкіметтік емес ұйымы өз ресурстарын біріктірді. Жалпы, бұл сайлауда біздің байқаушыларымыз өздерінің кәсібилігін, жауапкершілігін, құзыреттілігін көрсете білді. Ең алдымен, сайлау заңнамасын жетік білуін ерекше атап өткен жөн. Біздің бейпартиялық байқаушылар тарапынан ешқандай заң бұзушылық болмағанын ерекше айту керек. Тағы бір баса назар аударатын жайт,  елдегі эпидемиялық жағдайға қарамастан, электораттың сайлауға келуін жоғары деуге болады. Біздің ойымызша, бұл, ең алдымен, демократиялық сананың деңгейі,  - деді ол.
айс3.jpeg



   макс1.jpeg

Орталық басшысы сайлау процесінің әрбір қатысушысы жоғары кәсіби біліктілігін көрсеткенін жеткізді. 

айс7.jpeg


Жалпы, біздің орталықтың мониторинг нәтижесіне сәйкес, айтарлықтай бұзушылық тіркелген жоқ.  Сайлау процесінің әр кезеңінде ашықтық, объективтілік сақталды. Дегенмен, кейбір бұзушылықтар да болды. Әлемнің кез келген еліндегі сайлауларда бірді-екілі бұзушылықтар болып тұратыны сөзсіз. Бұзушылықтар көбіне техникалық сипатта көрінді. Солардың бірқатарына тоқталсам, мысалы, Петропавл қаласындағы сайлау учаскесінде фото, видео таратып, дауыстап пікір білдіріп, өзге байқаушыларға кедергі келтіргені үшін бір байқаушы участоктен шеттетілді. Жамбыл облысы, Тараз қаласында отбасылық дауыс беру жағдайы тіркелсе, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында алкогольдік ішімдік ішкен азамат дауыс бергеннен кейін дауыс беру жәшігін сындырған, - деп баяндады спикер. 
Оның айтуынша, Шымкент қаласында болса, сайлаушы дауыс беру жәшіктерін шатастырып алған. Ақтөбе қаласында дауыс беру процесін видеоға түсіріп, интернетке жүктеген жағдай анықталды. Сайлау заңнамасына сәйкес, мұндай әрекетке рұқсат жоқ. 
Сонымен қатар, кейбір азаматтар өздерін байқаушы ретінде таныстырып, бірақ құжат көрсетуден бас  тартып, провакациялық әрекетке барған жағдайлар да тіркелді. БҚО, Орал қаласында сайлау комиссиясы қызметкерлеріне агрессия көрсеткені үшін тағы бір байқаушы участоктен шығарылды. Сондай-ақ, кейбір байқаушылар ПТР анықтамасы болмағаны үшін участокке жіберілмеді. Мұндай жағдай Алматы облысы, ШҚО және Алматы қалаларында да болды. Жалпы, ел бойынша тіркелген бұзушылықтар реті осындай, тағы қайталаймын, сайлау процесінің заңдылығына, ашықтығына әсер ететін айтарлықтай заң бұзушылық  тіркелген жоқ, - деді Бану Нұрғазиева.
айс4.jpeg

Айта кетейік, сайлауды бейпартиялық байқау орталығы елордада желтоқсан айының басында ашылған еді. 

айс2.jpeg

айс6.jpeg

Орталықтың басты міндеті – ешкімді алаламай, байқаушылардың жұмысын ұйымдастыру.

макс3.jpeg

айс1.jpeg


Өзгелердің жаңалығы