Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Дауыс беру күні сайлау заңнамасын сақтау шеңберінде учаскелік сайлау комиссиялары тиісті құқықтық жауапкершілік шараларын қолданды. Осылайша, заңды бұзғаны үшін учаскелік комиссиялардың шешімдерімен олардың жұмысына қатысудан 19 мүшесі дереу шеттетілді. Аталған ақпараттық материалдардың әлеуметтік желілерде таралуына және сайлау комиссияларына құқықтық бағалау жүргізу туралы сұрау жібердік, - деп атап өтті ОСК төрағасы.
Сонымен қатар ол сайлау күні қандай заң бұзушылықтар орын алғанына тоқталды.
Бас прокуратураның ресми ақпараты бойынша, 42 адамның тарапынан құқықтық бұзушылықтар тіркеліп, учаскелік комиссия мүшесіне Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 108-бабы, ал 18 учаскелік комиссия мүшесіне 110-бабы бойынша айыппұл салынды. Алайда осы іс-әрекеттер азаматтардың ерік білдіру нәтижелеріне әсер етпеді және сайлау округіндегі немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктегі сайлау нәтижелерін сенімді түрде анықтауға мүмкіндік берді. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін отбасылық дауыс беру дәстүрі, яғни отбасы мүшелері мен басқа да жақындары үшін дауыс беру, дауыс беруге арналған кабинада бір мезгілде бір адамнан артық болу дәстүрі және тағы басқа кемшіліктер әлі де жойылған жоқ, - деді Нұрлан Әбдіров.
Ол аумақтық комиссия мүшелеріне алдағы уақытта мұндай кемшіліктердің алдын алуды тапсырды.