Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Сайлауға қатысып жақтан кандидаттар өздерінің саяси бағдарламаларын ұсынып, халықтың проблемаларын көтеріп, дауыс жинай білуі өздерінің қолында.
Бұл туралы саяси ғылымдардың докторы Есенжол Алияров “Президенттік сайлау – 2019: алдағы науқанның ерекшеліктері” атты дөңгелек үстел отырысында айтты.
Сарапшының айтуынша, бүгінгі күнге дейін биліктің транзиті туралы көп айтып келді, осы сайлауда транзит бірінші рет іске асайын деп отыр.
“Қоғам, сайлаушыларымыз бір лидерге үйреніп қалған болатын. Елбасы президенттік өкілеттлігін тоқтатқалы бері бірінші рет оның қатысуынсыз сайлау өткелі отыр. Осы жолғы сайлауға сегіз үміткер шығып отыр. Ең бастысы президент айтқандай сайлау ашық, әділетті болу керек. Оны сынай бергенше, әр адам сайлауға қатысып, дауыс бергені жөн. Яғни, ашық болу үшін әр адам өз үлесін қосуы керек”, - дейді ол.
Сонымен қатар, ол ең маңыздысы ел басшысын сайлап алып, елде тұрақтылықты қамтамасыз ету керек деген ойын білдірді.
“Қатысып жақтан кандидаттар өздерінің саяси бағдарламаларын ұсынып, халықтың проблемаларын көтеріп, дауыс жинай білуі өздерінің қолында. Саяси дода болған соң өз әлеуеттерін барынша көрсету керек. Бір өкініштісі саясатпен айналысатын адамдар осындай науқан кезінде ғана өздерінің саясаткер екенін еске түсіретін секілді. Танымалдылық жағынан қарайтын болсақ Тоқаевтың мүмкіншілігі басым. Артында партиясы бар әрі елге бұрыннан танымал, оның үстіне тәжірибесі де мол”, - дейді Есенжол Алияров.
Жиын барысында отандық зерттеушілер мен сарапшылар елімізде өтін президенттік сайлауға қатысты өз пікірлерін білдірді.
Іс-шараны Қазақстан саяси зерттеулер ассоциациясы, “Сарапшы” эксперттер клубы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасы ұйымдастырып отыр.