Сайлау халықтың билікке деген сенімін арттырады – ауыл әкімі

30 Маусым 2021, 17:17
2805
Бөлісу:
Сайлау халықтың билікке деген сенімін арттырады – ауыл әкімі
Фото: автордан

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда шілде айының соңғы он күнінде ауыл әкімдері сайланады. Саяси науқан Қостанай облысының 65 ауылдық округінде өтеді.

Қостанай облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Александр Малашконың айтуынша, 25 шілде сайлау күні деп белгіленіп отыр.

Дайындық басталып кетті. Өкілеттігі бітетін 65 ауыл әкімінің орнына қанша кандидат түсетіні әзірге белгісіз. Ең көп ауыл әкімдерін сайлайтын өңірлер – Аманкелді, Қарабалық аудандары. Алғашқысында жеті елді мекенде, Қарабалықта алты ауылда сайлау өтеді. Қалған аудандарда 3-4 ауылдан, - деп атап өтті Александр Малашко.

Ұзынкөл ауданы Обаған ауылдық округінің әкімі Марат Нұржанов аталған саяси науқан елдің атқарушы билікке деген сенімін арттырады деп санайды.

Тұрғындар өзі сайлаған әкімге нақты талап қоя алады. Бұл саяси өзгеріс «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын белсенді жүзеге асыруға жасалып жатқан қадам деп түсінсек те артық емес. Өйткені ашықтық болған жерде түсініспеушілік, кикілжің аз болады. Жерлестерім қалап жатса, өзім де сайлауға түсуге қарсы емеспін. Елмен бірге атқарылуы тиіс жоспарымыз бар, соның аяғына дейін жеткізгім келеді, - дейді ауылдық округ әкімі Марат Нұржанов.


Өзгелердің жаңалығы