Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент көмекшісі Ерлан Қарин Тelegram каналында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент сессиясында көтерген жаңа саяси бастамалары туралы жазды.
Оның айтуынша, бұл президенттің саяси реформалар жөніндегі үшінші пакеті. Ол азматтық қоғам, сарапшылар, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерінің қатысуымен жасалған. Сондай-ақ онда ссаяси партиялардың ұсыныстары да ескерілген.
Еске салайын, бірінші пакет 2019 жылғы 20 желтоқсанда ҰҚСК-нің отырысында таныстырылды. Онда айтылған жаңашылдықтың барлығы тәжірибеде іске асырылып үлгерді. Партияларды тіркеудегі кедергілер екі есе төмендеді. Партиялардың сайлау тізіміне әйелдер мен жастарды енгізу жөнінде 30 пайыздық жеңілдік енгізілді. Бұл норманың жұмысын осы жолғы сайлау кезінде көрдік. Оған қоса, парламенттік оппазиция институты енгізілді. Қылмыстық кодекстің 130-бабын қылмыссыздандыру және 174-бабын ізгілендіру басталды. Митинг жөнінде заң хабылданды. Қазақстан Екінші Факультативті хаттама бойынша Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактке қосылды, нәтижесінде елде өлім жазасы алынып тасталды,-деп жазды Е. Қарин facebook-тегі парақшасына.
Оның айтуынша, Президенттің жаңа бастамалары Қазақстанның саяси жүйесін инстутитутты дамуын және адам құқықғын қорғау жүйесін жаңғыртуды көздейді.
Мемлекет басшысы негізінен Мәжіліске саяси партиялардың кіру шегін 7-ден 5% -ға дейін төмендетуді ұсынды. Осы норманың арқасында саяси бәсекелестік нығаяды және көптеген партиялар Парламентке өту мүмкіндігі артады. Бұл сондай-ақ мемлекеттік саясатты әзірлеу кезінде халықтың пікірін кеңінен ескеруге мүмкіндік береді. Барлық деңгейдегі сайлауда «бәріне қарсы» бағанының енгізілуі сайлаушыларға балама позицияны білдірудің заңды құралы болады. Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында бірінші рет облыс әкімдерін сайлаудың келешегін айқындап бергенін атап өткен жөн,-деп жазды ол.
Сонымен қатар ол Президент бастамаларына жеке-жеке тоқталды.
1. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегін 7-ден 5%-ға төмендету.
2. Сайлаудың барлық деңгейдегі бюллетендеріне «барлығына қарсы» деген жолды енгізу.
3. Ауыл әкімдерін сайлап болған соң, аудан әкімдерін сайлауға көшу.
4. Онлайн-петиция институтын заңды түрде бекіту.
5. Омбудсмен туралы бөлек заң қабылдау (заң аталмыш институттың түрлі сектор мен бағытының қызметін реттейді).
6. Адам құқығы жөніндегі уәкілетті аппаратты нығайту (оның жергілікті өкілдіктерін құру)
7. Жастар индексін кіріктіру.
8. Қайырымдылық қызметін ынталандыру шараларын қарастыру.
9. Қоғамдық бақылау жүйесін жетілдіруді жалғастыру.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ҚР Парламенті жетінші шақырылымының бірінші сессиясы өтіп жатыр. Бірлескен отырыстың қалай өтіп жатқанын сайтымыздың мәтіндік трансляциясынан оқи аласыздар.