«Ақ жол» партиясы Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжаттар ОСК-ға «Сайлау туралы» Конституциялық заңның 87-бабында көзделген тізбеге сәйкес ұсынылды.
«Ақ жол» партиясы барлық тиісті құжатты Орталық сайлау комиссиясына ұсынды.
Мынадай құжаттар екі тілде ұсынылды ұсынылды:
- саяси партияның жоғарғы органының партиялық тізімді ұсыну туралы хаттамасынан үзінді көшірме;
- саяси партияның Әділет министрлігінде тіркелгені туралы құжаттың көшірмесі;
- партия өкілінің өкілеттіктерін растайтын құжат;
- партиялық тізім (электронды және қағаз түрінде);
- азаматтардың партиялық тізімге енгізуге келісімі туралы өтініші;
- тізімге енгізілген әрбір кандидаттың өмірбаян деректері;
- партиялық тізімге енгізілген әрбір кандидаттың жеке куәліктерінің көшірмелері және т.б
Кезектен тыс Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына партия атынан бәсекеге партияның 54 өкілі кіреді. Ал бірмандатты округтен 24 адам қатысады.