Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстан халқы ел парламенті Жогоргу кеңештің 7-шақырылымын құрайтын депутаттарына дауыс беріп жатыр.
Сайлаудың сағат 21:30-дағы алдын ала мәліметі бойынша «Биримдик» партиясы 24 %, «Мекеним Кыргызстан» партиясы 24,01 %-бен алдыға шыққаны айтылды.
Үшінші орында «Кыргызстан» партиясы. Аталған саяси ұйымға сайлаушылардың 8, 78 % сенім артса, «Бүтүн Кыргызстан» партиясы 7,04 % дауысқа ие болған.
Қырғыз елінің Орталық сауйлау комиссиясының мәліметіне қарағанда, қазіргі жағдаймен сайлаушылардың 82 % дауыс берген.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан да Қырғызстандағы сайлау барысын бақылауға арнайы делегаттар барған.