Көк туды көкке көтерген велосипедшілер халықты сайлауға шақырып, өздері де патриоттық нақышта дауыс берді, деп хабарлайды BAQ.KZ агенттігінің Жетісу облысындағы тілшісі.
Текелі қаласындағы №445 сайлау учаскесінде велосипедші жастар патриоттық рухты көтеріп, өз таңдауларын жасады.
Мемлекеттік Туға қарап, елім, жерім дейтін ұрпақтың намысы оянып, жүрегіне патриоттық сезім ұялары сөзсіз. Біз жастарымызға үлгі-өнеге көрсету мақсатында бір мезгілде көк Туымызды желбіретіп, дауыс беруге келдік. Барша жерлестерімізді таңдауларын жасауға шақырамыз, - дейді Ынтымақ Әленбек.
Моноқала тұрғындары белсенді түрде дауыс беруде.