Сайлау-2023: Пікірсайыста қатысушылардың сөз сөйлеуі жеребе тарту арқылы анықталады

7 Наурыз 2023, 11:03
1687
Бөлісу:
Сайлау-2023: Пікірсайыста қатысушылардың сөз сөйлеуі жеребе тарту арқылы анықталады
PHOTO
Фото: Арман Мухатов BAQ.KZ

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті күн тәртібінде мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Сайлауалды телевизиялық пікірсайыс “Хабар” телеарнасында 16 наурыз күні өтеді. Бүгінде сайлауалды пікірсайыстың регламенті белгілі болды.

Сайлау-2023: Пікірсайыста қатысушылардың сөз сөйлеуі жеребе тарту арқылы анықталады

Онда қатысушыларға қойылатын талаптар, сөз сөйлеу кезеңі, эфир уақытының ұзақтығы қарастырылған. Пікірсайыс 3 раунд бойынша өтеді. Әр раунд 2 турдан тұрады, - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Анастасия Шегорцова.

Сайлау-2023: Пікірсайыста қатысушылардың сөз сөйлеуі жеребе тарту арқылы анықталады

1-раунд екі тур кезеңі бойынша өтеді. Партияның таныстырылымы мен пікірсайыс сессиясы. Таныстырылым барысында қатысушыға регламент бойынша 2 минут беріледі. Пікірсайыс сессиясында қатысушылар қарсыластарына бір сұрақ қояды және бір сұраққа жауап береді. 

2-раундта сайлауалды бағдарламасы айтылады. Сондай-ақ сайлаушылардан сұрақ қойылады. Әр қатысушы аудиторияның бір сұрағына жауап береді. Жауап беруге 2 минут уақыт беріледі. 

3-раунд сайлаушыларға арналған сөз. Яғни, сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қарсыластарына сұрақ қойып, сайлаушыларға үндеу жасауға мүмкіндік беріледі.

Өзгелердің жаңалығы