Мәжіліс депутаттарын сайлау бойынша Exit poll-дың алғашқы нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
«Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізген Еxit poll нәтижесі мынадай:
«Amanat» партиясы - 53,46%
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 10,52%
«Respublica» партиясы - 8,90%
Қазақстан Халық партиясы - 6,25%
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы - 3,22%
«Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 7,87%
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - 5,31%.
Бәріне қарсымын деп - 4,47% дауыс берген.
Нәтижені «Сайлау-2023» онлайн марафонында Еуразиялық интеграция институтының өкілі жариялады.
Еске салайық, ел аумағы бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды.