Сайлау-2019. Үмітіміз сайлауда – қала тұрғыны

9 Маусым 2019, 09:53
2597
Бөлісу:
Сайлау-2019. Үмітіміз сайлауда – қала тұрғыны
PHOTO
Фото: автордан

Қызылорда, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтуде. Сайлау учаскелеріне дауыс беруге келген қызылордалықтар өз ойларын айтуда.

«Сайлауға не үшін келдім? Елімізді өрге сүйрейтін, жағдайымызды жақсартатын, бірлік пен ынтымақты нығайтатын, тыныштықты сақтайтын тұлға президент болғанын қалаймын. Сондай басшыға дауысымды бердім. Мемлекетіміздің болашағының жарқын болуына өз дауысыммен үлес қосамын деп ойлаймын», - дейді Қызылорда қаласының тұрғыны Махмұтхан Қыдырбаев. 

Сайлау-2019. Үмітіміз сайлауда – қала тұрғыны


 

Рахия Есманова есімді тұрғын осы уақытқа дейін бірде-бір сайлаудан қалмағанын айтады.

«Әр сайлау сайын дауыс беріп келе жатырмын. Ешқашан қалған емеспін. Болашағымыздан үміттенеміз. Бала-шағамыздың жағдайы түзелсе дейміз. Біздің жасымыз үлкейді. Жастардың жағдайы жақсы болса болды. Жұмысы, баспанасы болса екен деп тілейміз. Сондай ниетпен дауыс береміз», - деді Рахия апа. 

№178 сайлау учаскесінің төрағасы Съезбек Ахметовтің айтуынша, сайлаушылардың белсенділігі жоғары.

Сайлау-2019. Үмітіміз сайлауда – қала тұрғыны


 

«Дауыс беру үшін бүгін таңғы 5-тен бастап сайлау учаскесіне сайлаушылар жинала бастады. Сағат 7:00-де Әнұран айтып, есігімізді айқара ашқан сәтте 35 адам ішке енді. Кітаптан артық сыйлық жоқ. Ерте келген 3 сайлаушыға кітаптар сыйға тарттық. Сайлаушылардың белсенділігі өте жоғары болады деп ойлап отырмыз. Өйткені, адамдар ағылып келіп жатыр. Осы №178 сайлау учаскесіне 2604 адам тіркелген. Солардың 90 пайыздан астамы келеді-ау деп жоспарлап отырмыз. Өйткені, мына белсенділік солай деуге негіз болуда», - дейді Съезбек Ахметов. 

 

Өзгелердің жаңалығы