Сайлау: 165 халықаралық байқаушы тіркеуден өткен

7 Наурыз 2023, 11:50
1122
Бөлісу:
Сайлау: 165 халықаралық байқаушы тіркеуден өткен
Фото: Арман Мухатов BAQ.KZ

Бұл туралы ОСК кезекті отырысында ОСК хатшысы Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, 165 халықаралық байқаушы тіркеуден өткен.

Әзірбайжан, Армения, Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі, Германия, Грузия, Ирак, Испания елдерінен бір байқаушыдан, ал Мажарстан елінен 3 байқаушы тіркелген, - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.

Ал Халықаралық ұйымдардан ТМД миссиясы -77, Ұжымдық қауіпсіздік туралы ұйымының Парламенттік Ассамблеясы-11, Түркі мемлекеттер ұйымы-6, Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясы - 20, Азиядағы өзара іс- қимыл және сенім шаралары кеңесі -2, Халықаралық түркі академясынан -2 байқаушы аккредитеуден өткен.

Айта кетейік, сайлауалды телевизиялық пікірсайысқа қатысатын қатысушылардың тізімі белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы