Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін де алған қазақстандық саясаттанушы Жанар Тулиндинова әлеуметтік желідегі парақшасында екпе жөнінде пікірімен бөлісті.
Жақында «Спутник V» вакцинасының екінші компонентін алдым. Тарихи күнімді суретке түсіріп алмаппын. Бұл менің жеке ісім деп ойладым. Дегенмен бұл қоғамдық іс екен. Себебі COVID-19 вакцинасы денсаулығыма қатер төндіреді деп вакцинациядан бас тартып жатқандар бар. Қазір «Спутник V» вакцинасы қолжетімді. Бұл вакцина құрамында патогенді заттар жоқ. Сол себепті екпе салдыру арқылы коронавирус жұқтыра алмайсыз. Вакцина векторлы және оның құрамында вирус, нәруыз тәрізді иммундық өндірілуіне қажет заттар бар, - деді ол.
Ол вакцинациядан кейінгі жағдайымен бөлісті.
Вакцинаның жағымсыз әсері туралы айтар болсам. Мені екпе салынған жердегі ісіну және ауырсыну мазалады. Бірінші компонентін салған күні кешке аздап қалтырадым. Ал екінші компонентті ағзам жеңіл қабылдады, - деді саясаттанушы.
Тулиндинова мүмкіндігінше вакцина салдырған дұрыс дейді.
Жақында баламның екпе паспортын тауып алдым. Қарап отырсам, жаңа туған нәрестелерге де туа сала, яғни алғашқы сағатында, алғашқы күнінде B гепатиті және туберкулез сияқты қауіпті ауруларға қарсы екпе салады. Сосын алты айына дейін пневмококты инфекция, полиомиелит, гемофильді инфекция, көкжөтел, дифтерия және сіреспеге қарсы екпе алады. Бір жасына дейін қызылша, паротитке қарсы вакцинацияланады. Егер сіз осыны оқып отырсаңыз, сіз де демек екпе салдырғансыз. Демек COVID-ке қарсы вакцина сізге жағымсыз әсер етуі екіталай, - деді ол.