Саясаттағы әйелдер факторы

4 Қаңтар 2023, 18:01
1635
Бөлісу:
Саясаттағы әйелдер факторы

2022 жылы әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісуі және оның салдары ағымдағы мәселелерді шешуде де, ықтимал дағдарыстардың алдын алуда да мемлекеттік органдар тарапынан жоғары тиімділіктің қажеттігін көрсетті. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкер Гүлназ Қасымова айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сондықтан да 2023 жылдың қаңтары мемлекеттік аппарат пен бірқатар министрліктердегі кадрлық өзгерістермен басталды. Шындығында, жоғары нәтижелі мемлекеттік мекемелер жақсы басқарылатын компаниялар сияқты. Екеуінде де нақты мақсаттар, ойластырылған жұмыс үдерістері, қатаң жауапкершілік және т.б. бар. Бірақ мемлекеттік персоналды басқару күрделі орта және ауқымды мемлекеттік жүйенің бөлігі болып табылады. Кадрлық тағайындауларды бейтарап басқару құралы ретінде қарастыруға болмайды. Олар шешім қабылдау үдерісінің орталығында болады және ұйымды басқаруда белгілі бір дағдыларды талап етеді, - деп жазды ол.

ҚР Президентінің Жарлығымен жаңадан бес министр тағайындалды. 

Министр лауазымына саясаткер әйелдің тағайындалуын бөлек атап өткім келеді. Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде «әйел факторы» қашанда маңызды рөл атқарған. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, 2020 жылы еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер санының басым бөлігін әйелдер құраған – 55,7%. Мемлекеттік қызметте басшылық лауазымдарды атқаратын әйелдердің үлесі 40% құрады. Бұл ретте әйелдердің қоғамдық ұйымдарды жиі басқаратынын атап өткен жөн.

Гендерлік теңсіздік саласындағы бірқатар халықаралық зерттеулердің нәтижесі керісінше. Дискурс деңгейінде жарияланған теңдік пен кәсіби және басқарушылық салалардағы әйелдердің нақты жағдайы арасында қайшылық бар. Әйелдердің бірнеше әлеуметтік рөлдерді қатар алып жүруіне байланысты қиындықтар туындайды, соның салдарынан мансаптық өсудің баяулауы, еңбек нарығына шығудың ұзақтығы және кейбір жағдайларда еріксіз жұмыссыздық бар, - деді Гүлназ Қасымова.

Дегенмен соңғы екі жылда жағдай гендерлік тепе-теңдік бағытына қарай өзгере бастады. 

2020-2022 жылдар аралығында Г.Әбдіқалықова алғаш рет облыс әкімі болып тағайындалды. Үкімет деңгейінде Денсаулық сақтау министрі қызметін А.Гиният, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Дүйсенова атқарады. Кадрлық өзгерістер нәтижесінде З.Сүлейменова Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды. Бұл үрдіс ол жетекшілік ететін министрліктің жұмысын ұйымдастыруға, оны қазіргі нақты жағдайдың талаптарына сәйкес қайта құруға оң ықпалын тигізеді деген күтілім бар, - деді  ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Гүлназ Қасымова.
 

Өзгелердің жаңалығы